Ұшақ апаты: Ақтау ауруханасына 12 адам жеткізілді
Ақтаудағы ұшақ апатынан 12 адам аман қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып.
Ұшақ апатқа ұшыраған жерден Ақтаудағы Маңғыстау облыстық ауруханасына 12 адам (олардың бірі бала) түрлі жарақаттармен жеткізілді. Бортта экипаж мүшелерін қосқанда 67 адам болды. Жергілікті жерде 14 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың видеосы тараған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жыл ішіндегі қандай игі істер есте қалды
Өзгелердің жаңалығы