+5

Ұшақ көлге құлап, ұшқыш пен оның екі қызы ғажайыптың күшімен аман қалды

Ұшақ көлге құлап, ұшқыш пен оның екі қызы ғажайыптың күшімен аман қалды

АҚШ-та Piper PA-12 Super Cruiser ұшағы апатқа ұшырап, 38 жастағы ұшқыш пен оның екі қызы ғажайыптың күшімен аман қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

New York Post жазған ақпаратқа сәйкес, борт Аляскадағы Тустумена мұзды көліне құлаған.

Ер адам мен оның екі қызы құтқарушылар келгенге әуе кемесінің қанатында 12 сағат бойы отыруға тура келген.

Ер адамға біраз суық тиген. Қыздардың жолы болып, киімдері құрғақ екен. Бұл – ұшақ апатының ең бақытты аяқталған оқиғасы. Жағдай қайғылы аяқталуы әбден мүмкін еді, - дейді 207-ші авиациялық полктің командирі подполковник Брендон Холбрук.

Ұшақтың апатқа ұшырағанын ұшқыш Терри Годесу көрген. Ер адам ұшақтың қалдықтары ғана қалды деп ойлағандықтан аман қалған отбасыны көргенде таңданысын жасыра алмағанын айтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы