Ұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты
АҚШ-тың Иллинойс штатында бір моторлы ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға сенбі күні штаттың орталық бөлігінде болған.
Ұшақ ашық далаға құлап түсті, бортта болған төрт адамның бәрі оқиға орнында қаза тапты, — деп мәлімдеді Колс округінің тергеушісі Эд Шниерс.
АҚШ-тың Көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесінің (NTSB) алдын ала деректері бойынша, әуе кемесі құлап бара жатып электр желілеріне соқтығысқан. Қазіргі уақытта апаттың себептері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде жәрдемақы беру тәртібі өзгереді
Келесі жаңалық
Қазақстан күрес федерациясына жаңа президент сайланды
Өзгелердің жаңалығы