Ұшақта темекі шеккендерге қомақты айыппұл салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Эйр Астана» ұшақта темекі шеккендерге салынатын айыппұл мөлшері өскені туралы ескертті. Оның көлемі 50 АЕК, яғни 126 250 теңгені құрайды.
"2018 жылы 2015 жылмен салыстырғанда «Эйр Астана» бортында темекі шеккен жолаушылардың саны 34% өсіп кеткен, 123 оқиғадан 166-қа дейін. Ең жиі мұндай бұзушылық Алматы мен Ыстамбұл, Алматы мен Мәскеу және Алматы мен Киев арасындағы рейстерде орын алады. Осыған орай әуекомпаниясы ұшақ ішінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы жолаушыларды ескертеді. Ұшу қауіпсіздігі - ең басты құндылық. Ұшақ бортында ережелерді бұзғаны жолаушы барған елдің заңына сәйкес құқық қорғау органдарына тапсырылады", - делінген таратылған ақпаратта.
Басқа мемлекеттердің заңында әуе кемесінің бортында шылым шегу қоғамдық жерде шылым шеккеннен әлдеқайда жоғары заң бұзушылыққа жатқызылады. Мысалы, Ұлыбританияда ұшақ бортында шылым шеккендерге 2500 фунт айыппұл қарастырылса, Жапонияда айыппұл 500 мың иенді құрайды (шамамен 4,8 мың АҚШ доллары).