Ұшақта шылым шеккен жасөспірімге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының 18 жастағы тұрғынына ұшақ ішінде темекі шеккені үшін айыппұл салынды.

ДП баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақ жолаушысы «Ақтау-Алматы» бағытына жол жүріп бара жатқан кезде құқық бұзушылық жасап, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

3 қыркүйекте әуежайдың полиция бөліміне осы бұзушылық туралы хабарлама келіп түсті. Рейстегі жолаушыға аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-2 бөлігімен (Әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін және (немесе) электрондық сигареттерді тұтыну) әкімшілік хаттама толтырылды.

Енді ол 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы