Ұшақ апатынан кейін Алматыда рейстер кешіктірілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшып шыққан АН-26 ұшағы апатынан кейін Алматы әуежайындағы рейстер кешіктіріліп жатыр.
Әуежайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, кестеге сәйкес, Алматыдан Ақтау, Нұр-Сұлтан, Көкшетау және Оралға ұшатын рейстер кешіктіріліп жатыр.
Еске салсақ, бүгін сағат 17.20 шамасында Алматы әуежайына бет алған Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша келе жатқан әскери АН-26 әуе кемесі апатқа ұшырады. Бортта 6 адам болған. Өкінішке қарай 4 адам оқиға орнында опат болған. Екеуі жансақтау бөлімшесінде жатыр.Болған жайтқа байланысты рейстер кешіктіріліп жатыр. Жолаушыларға әуекомпаниялардан рейстері туралы ақпаратты алдын ала нақтылау ұсынылады, - делінген әуежай таратқан ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бас мүфти Каирдегі халықаралық конференцияға қатысты
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы