"Үш жылға бекітілді". Қуантыров теңгеге қатысты болжамын айтты
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз үш жылдық бюджетті бекіткенде ұлттық валюта құнын 460 теңге (долларға шаққанда) болады деп болжадық. Жалпы оның құны тұрақты болады деп болжаймын, – дейді Қуантыров.
“Әлемдегі геосаяси жағдай мен санкция теңгені әлсіретпей ме?” деген сұраққа министр былай дейді:
Былтыр геосаяси жағдай пайда болғанда біз бюджетке “корректировка” жасадық. Себебі макроэкономикалық сыртқы факторлар бізге әсер етті. Сол себепті бюджетке тиісті өзгерістерді жасадық. Содан кейін әлеуметтік-экономикалық даму бойынша бес жылға арналған болжамдарға тиісті өзгерістерді енгіздік. Әрқашан ондай құқығымыз бар. Керек болса, біздің резервтеріміз бар, – дейді Қуантыров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәжіліс бірнеше заң жобасын жұмысқа алды
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы