Үш жылда Түркістан облысына 1,6 млрд теңге инвестиция салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты.
Оның айтуынша, облысты 2025 жылға дейін дамытудың жаңа кешенді жоспары қабылданды.
Облыстың үш жылдық дамуының қорытындылары негізінде Үкімет облысты бұдан әрі дамытуға негіз қалыптасты деген шешімге келді. Қалада рухани-мәдени орталыққа лайық нысандардың басым бөлігі бой көтерді. Облыс орталығы қарқынды дамып келеді. Енді облысты дамытуды жаңа кешен негізінде жалғастыратын боламыз, - деді ол.
Өмірзақ Шөкеев облыс құрылғаннан бергі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен таныстырды.
2018 жылмен салыстырар болсақ, оның өңірлік ішкі өнімі 41 пайызға артып, 2,4 трлн теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімі 18 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімі 34 пайызға артты. Ең бастысы, соңғы 3 жылдың ішінде негізгі капиталға салынған инвестиция 2,6 пайызға өсіп, 1 трлн 600 млрд теңгеге жетті, оның ішінде жеке инвестициялар көлемі 968,5 млрд теңгеге жетті. Облыста 736 мың шаршы метр тұрғын үй пайдаланылуға беріліп, жалпы өңірлік өнімдегі шағын орта бизнестің үлесі 21%-ға дейін жеткізілді. Облыс бюджетінің көлемі 1,6 есеге артып, 893 млрд теңгені құрады, - деді Өмірзақ Шөкеев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Өзгелердің жаңалығы