Үш жастағы немересі балконға қамап қойған әже құтқарылды
Өрт сөндірушілер балконда қамалып қалған Щучинск қаласының тұрғынын құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, үш жастағы қыз есікті жауып, әжесі балконда қалған. Әйел Морозова көшесінде орналасқан үйдің үшінші қабатындағы балконнан өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұрады.
ТЖМ құтқарушылары дереу жетіп, балконға баспалдақпен көтерілді. Содан кейін олар есікті ашып, пәтерге кірді. 1961 жылы туған әйел адам құтқарушылардың тез және үйлесімді әрекеттерінің арқасында тонып қалмады, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қар, тұман: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы