Үш жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Үш жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға бүгін Астана қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында орын алған, - деп атап өтті министрліктен.
Түрлі жарақаттары бар ұлбала ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ ескертеді:
- Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
- Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы