3 Ақпан 2026, 00:17 Фото: Видеодан алынған кадр

Үш жасар бала дене жарақатымен ауруханаға түсті: әкесі қамауға алынды

Жетісу облысында үш жасар балаға қатысты зорлық фактісі тіркелді. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысында үш жасар балаға қатысты зорлық фактісі тіркелді. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ағымдағы жылдың 2 ақпан күні сағат 21:00-де «102» пультіне медициналық мекемеден үш жасар баланың зорлық белгілері бар дене жарақаттарымен жеткізілгені хабарланды. Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген полиция хабарламасында

Полиция қызметкерлері баланың әкесін алкогольдік масаң күйде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Қазіргі уақытта бала анасымен бірге медициналық мекемеде, оған қажетті көмек көрсетілуде.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Полиция департаменті басшылығының бақылауында.