15 Шілде 2026, 23:15 Фото: ҰОК

Үш қазақстандық боксшы U19 санатында Азия чемпионы атанды

Бүгін, 15 шілденің күндізгі сессиясында U19 санатында әйелдер арасында ақтық бәсекелер өтті. Нәтижесінде үш отандасымыз алтын медаль жеңіп алды.

Бокстан Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан U19 және U23 жас санатындағы Азия чемпионатында финалдық жекпе-жектер басталды.

Бүгін, 15 шілденің күндізгі сессиясында U19 санатында әйелдер арасында ақтық бәсекелер өтті. Нәтижесінде үш отандасымыз алтын медаль жеңіп алды.

Камила Оспанова 70 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында Мафтуна Янгиеваны (Өзбекстан) жеңді.

80 келіге дейінгі салмақта Айдана Убайдуллақызы финалда үндістандық Мегха Шеокандты тізе бүктірді.

Зарина Толыбай 80 келіден жоғары салмақта Үндістан өкілі Прачи Токастан басым түсті.

Осылайша, U19 жас санатында Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын, бес қола медаль бар. Бұған дейін Мадира Жұмақан (48 келіге дейін), Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін), Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Айсұлу Мұхит (65 келіге дейін), Жалғас Утебеков (90 келіге дейін) жарысты қола медальмен аяқтаған еді.

Ал ертең, 16 шілдеде ерлер арасында жүлделер сарапқа салынады.