Үш қабатты үйдегі өрт: құтқарушылар апаттың алдын алды

Бүгін Алматы облысының Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылындағы үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылысы болды. Оқиға орнына жоғары дәрежемен Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері шұғыл жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, жалынды ауыздықтауға газ-түтіннен қорғау қызметінің 5 буыны жұмылдырылды. Су беру өрт гидранты арқылы ұйымдастырылды.

Барлау барысында құтқарушылар екінші қабаттан екі ересек адамды шығарып, оларды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Құтқарушылардың кәсіби әрекетінің арқасында 15 газ баллоны қауіпсіз аймаққа шығарылып, жарылыс қаупі жойылды.

ТЖД бөлімшелері жеткенге дейін зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді. Оқиға орнында ТЖД-ның арнайы автокөлігі мен жергілікті атқарушы органдардың екі автобусы тұрғындарды жылыту үшін жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы