Үш партия 637 500 теңге көлеміндегі жарнаны төлемейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК-ның отырысында комиссия төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.

Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7 және одан да көп пайызын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді. 2016 жылғы сайлау қорытындылары бойынша 3 партия, яғни Nur Otan, «Ақ жол» ҚДП, ҚХКП 7%-дан астам дауыс жинады. Бұл партиялар жарнадан босатылады, - деді Константин Петров.

Партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін жарна көлемі 637 500 (15*42 500) теңгеге тең.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу үшін құжаттар тізімі:

- Республиканың Әділет министрлігінде саяси партияның тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелген, саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;

- Азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші;

- Партиялық тізімге енген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;

- Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;

- Саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат;

- Партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партияға мүшелігін растайтын құжат болған жағдайда жүзеге асырылады.

Партиялық тізімдерді тіркеу сайлаудан 2 ай бұрын басталып, оған бір ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады. Яғни тіркеуді басталуы 2020 жылы 10 қарашада басталып, 2020 жылы 10 желтоқтанда сағат 18.00-де тіркеу аяқталады.

Конституциялық заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгіт партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша 00:00 сағатта аяқталады. Яғни сайлау алдындағы үгіттің басталуы 2020 жылғы 10 желтоқсанда 18:01 уақытта басталып, 2021 жылы 9 қаңтарда 00:00 сағатта аяқталады, - деп атап өтті ол.

- Дауыс беру 07:00-20:00 аралығында жүзеге асырылады.

- Сайлау учаскесіндегі дауыстарды санау дауыс беру аяқталған күннен бастап 12 сағаттан кешіктірілмейді.

- Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша сайлау нәтижелері туралы АСК хаттамаларын 2 күн мерзім ішінде жергілікті ОСК-ға ұсыну қажет.

Осылайша партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауының жалпы ұзақтығы тағайындалған күннен бастап дауыс беру күніне дейін 82 күнді құрайды, - деді Константин Петров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы