6 Қаңтар 2026, 15:27 Фото: Depositphotos.com

Үш өңірде жол қозғалысы шектелді

Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2026 жылғы 6 қаңтар сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылды:

Ақмола облысы

«Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолының 35-51 шақырым аралығы (Қабанбай батыр ауылы – Қарағанды облысы шекарасы).

Павлодар облысы

- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті ауылы).

- «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 0-231 шақырым аралығы (Қалқаман ауылы – Қарағанды облысының шекарасы).

Жолды 2026 жылғы 6 қаңтар сағат 22:00-де ашу жоспарланған.

Қарағанды облысы

- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1067-1135 шақырым аралығы (Молодежный ауылы – Павлодар облысының шекарасы);

- «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231–324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы);

- «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолының 51-101 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Нұра елді мекеніне дейін).

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.