Үш өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Күн райының қолайсыздығына байланысты екі облыс аумағындағы жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы мәлімдеді.

Қарағанды облысында 13 ақпан сағат 20:30-да ауа райының бұзылуына байланысты KAZ01 “Астана-Қарағанды-Алматы” автожолының 1610-1854 шақырымы аралығындағы учаскесінде (Ақсу-Аюлы - Балқаш бағыты) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген компания таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Абай облысында "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас" автожолының 707-900 шақырым аралығындағы учаскесінде (Аягөз қаласынан Сәтбаев ауылының бұрылысына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысы тоқтатылды.

Алматы облысында "Алматы - Өскемен" автожолының 25-67 шақырым аралығындағы учаскесінде (Төлемақы алу пункті терминалынан Қонаев қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы