Үш өңірде аптап ыстық сақталады: 5 шілдеге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" синоптиктері жұма, 5 шілдеде ел аумағындағы ауа райына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, күндіз:

  • БҚО, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе өңірінің батысында ыстық ауа райы сақталады;
  • БҚО, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.

Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлері әлі де антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің қалған аумағында циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел соғады, ал солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Солтүстікте түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі, – дейді синоптиктер.

Сондай-ақ Абай облысының солтүстік-батысында, орталығында, Атырау өңірінің батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, Маңғыстау өңірінің оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау облыстарында, Алматы өңірінің батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, ШҚО, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Атырау өңірінің оңтүстік-шығысында, батысында, Маңғыстау облысының да батысында төтенше өрт қаупі сақталады, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы