Үш өңір «жасыл» аймаққа енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-арнасы.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Қызылорда, Түркістан облыстары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы