Үш облыста жол жабылды

10 наурыз, сағат 21:00-дегі жағдай бойынша 3 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Шығыс Қазақстан облысында — жалпы ұзындығы 160 км бір автожол

  • «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман қайнары», Берел ауылы — Рахман қайнары (автокөліктің барлық түріне)

Қызылорда облысында — жалпы ұзындығы 204 км бір автожол

  • «Қызылорда-Павлодар» — Қызылорда қаласы — Ұлытау облысы шекарасы
    (автокөліктің барлық түріне)

Ұлытау облысында — жалпы ұзындығы 208 шақырым бір автожол

  • «Қызылорда-Павлодар» — Қызылорда облысы шекарасынан Талап ауылына дейін (автокөліктің барлық түріне)

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 213 техника және 272 жолшы жұмылдырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы