Үш облыста жол жабылды

Бұл туралы "Қазавтожол" телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 14 наурыз сағат 18:30 жағдай бойынша 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды: 

Ақмола облысы: - "Астана – Петропавл" автожолының 18-234 шақырым аралығы (Астана қ. – Щучинск қ.). 

Абай облысы: - "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 971-1013 шақырымы (Қалбатау а. – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы). 

Шығыс Қазақстан облысы: - "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 1013-1048 шақырымы (Абай облысының шекарасы – Ұлан а. бұрылысы). 

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 937 арнайы техника мен 1865 маман жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы