Үш облыста жол қозғалысы шектелді
«ҚазАвтожол» ұлттық компаниясы 21 қаңтар 2026 жылы сағат 21:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты дизель қозғалтқышы бар автокөліктер мен қоғамдық көліктер үшін жол қозғалысын шектеу енгізілгенін хабарлады. Бұл шектеу республикалық маңызы бар бірнеше жол учаскелерінде күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шектеу енгізілген облыстар мен жолдар:
Қостанай облысы:
- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарықоль – Қостанай – РФ шекарасы» (555-729 км)
- «Мамлютка – Қостанай» (403-180 км)
Ақмола облысы:
- «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» (304-341 км)
- «Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — РФ шекарасы» (14-50 км)
- «Көкшетау — Рузаевка» (0-61 км)
- «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» (856-915 км)
- «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» (595-552 км)
Солтүстік Қазақстан облысы:
Бүгін сағат 21:00-ден бастап пассажирлік автобустар мен дизель көліктеріне барлық бағытта қозғалыс шектелді.
Жолдардың ашылу уақыты (болжамды):
22 қаңтар 2026 жыл, сағат 10:00.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жәнібек Әлімханұлы рингке қайта оралады – Берік Сұлтан
Өзгелердің жаңалығы