Үш облыста бірқатар жол жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында боранға байланысты бірқатар жол жабылды, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram-дағы арнасы.
Ақмола облысында 23 ақпан күні сағат 22.45-те ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) төмендегі жолдарда барлық көлік түрінің жүруіне тыйым салынды:
«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» 16-200 шақырымы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысы аралығы. 2. «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» жолының 16-51 шақырымы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы аралығы.
Павлодар облысында 23 ақпан күні сағат 22.45-те Ақмола облысы аумағында ауа райының нашарлауына байланысты «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» жолының 200-254 шақырымы, Ақмола облысының шекарасы мен Шідерті кенті аралығында барлық көлік түрінің жүруі шектелді.
Қарағанды облысында 23 ақпанда сағат 22.45-те Ақмола облысы аумағында ауа райының нашарлауына байланысты «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» жолының 51-104 шақырымы, Ақмола облысының шекарасы мен Нұра кенті аралығында көліктің барлық түрінің жүруіне тыйым салынды.
Елордада 23 ақпанда ауа-райының қолайсыздығына байланысты (қар, бұрқасын) «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» жолының 19-180 шақырымы (Нұр-Сұлтан қ. – Қорғалжын қорығы) аралығында автокөліктің барлық түрлеріне жабық.