Үш облыста автожолды су басты - комитет
Бұл туралы ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, қазіргі маусымдағы маңызды мәселе – су тасқынын жою.
Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері республикалық желі бойынша Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында автожолдың жүріс бөлігін еріген қар суы басуының 8 қысқамерзімді жағдайы тіркелді, - деп атап өтті комитет төрағасының орынбасары.
Сонымен қатар ол Ақтөбе облысындағы автожолда қар суын өткізетін төсем ашылды деп отыр.
Ақтөбе облысында Қобда кентінің маңындағы «Самара-Шымкент» автожолының 613 шақырым учаскесінде еріген қар суын өткізу үшін жол төсемі ашылды. Жол төсемі қалпына келтіріліп, көліктердің қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысы үшін барлық жағдай қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңда қозғалысқа шектеу жоқ, - деді Амангелді Беков.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазынадан автожолға 30 млрд теңге бөлінді
Өзгелердің жаңалығы