Үш мегаполисте 15 миллион ағаш отырғызылады
Мемлекет басшысының елді мекендер аумағында 15 млн ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының көгалдандыру бойынша өңірлік жоспарлары бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 2021-2025 жылдар аралығында жыл сайын 3 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарланған. Жалпы, 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейін барлығы 14,3 миллионнан астам ағаш отырғызылды.
Елді мекендерді көгалдандыру үшін биіктігі 1 метр немесе одан үлкен көшеттер қолданылады. Көшеттер 2-4 жылдық, биіктігі тұқымы мен өсу жағдайына байланысты 30 см-ден 2 метрге дейін.
Көшеттер қалай отырғызылады?
- Үлкендеу көшеттер көгалдандыруда, аумақтарды абаттандыруда, сыртқы бейнесі және сәнділігі маңызды бақтар мен саябақтарда қолданылады;
- жасыл желектерді құруды жергілікті атқарушы органдар ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде жүзеге асырады;
- көшеттерді отырғызу елді мекеннің бас жоспарына сәйкес ортақ пайдаланылатын жерлерде жүргізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бала асырап алушыларға қойылатын талаптар күшейтілді
Өзгелердің жаңалығы