Үш күнде полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 600-ден астам хабарлама түсті - аға инспектор

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаңа заң күшіне енген үш күннің ішінде полицияға осыған қатысты 600-ден астам хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне түзетулер заңды күшіне енгені белгілі. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жәбірленушілер өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген кезде полицияға жүгінеді, ал полиция қызметкерлері келгеннен кейін агрессорларға өтініш жазудан бас тартады. Көбінесе полиция кеткеннен кейін отбасындағы жанжал әрі қарай ушығып, кейде бұл ауыр зардаптарға әкеліп соғады. Осыған байланысты енді, тұрмыстық жанжал туралы хабарлама түскен кезде, оқиға орнында полицейлер болған оқиғаға құқықтық баға береді, - деп атап өтті аға инспектор.

Айтуынша, хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен полицейлердің өздерінің бейнетіркегіш жазбалары жеткілікті.

Соңғы шешімді сот қабылдайды. Мысалы, әйел отбасылық жанжал бойынша қоңырау шалды. Полиция келгеннен кейін шиеленіс шешіліп, дебошир өзінің заңсыз әрекетін тоқтата қояды. Өз кезегінде, әйел өтініш жазудан бас тартады, бірақ өзіне қатысты құқық бұзушылық жасалғанын түсіндіріп айтады. Отбасылық жанжал үшін агрессорға ескерту жасалады немесе 5 тәулікке қамауға алынады. Қайта жасалған жағдайда-10 тәулік қамауға алу.

Ұрып – соғу фактісі үшін – 10 тәулік қамауға алу, қайталанса - 20 тәулік.

Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін-15 тәулік қамау, ал қайталанғанса - 25 тәулік. Қазіргі уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактілері үшін қоғамдық жұмыстарды тағайындау мәселесі пысықталуда. Бұл зардап шеккендерге психологиялық қысымды азайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы, заң күшіне енгелі екі күн ішінде, яғни 1 шілдеден бастап полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 637 хабарлама келіп түсті, - деді Ақмарал Серікбаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы