Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық коммуникация қызметінде «Қазгидромет» РМК Гидрометорталығының директоры Марина Шмидт мереке күндерінің ауа райына болжам жасады.

«Мереке қарсаңында, 30 сәуірде, Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын, солтүстік аймақтарда арты қарға ұласатын жаңбыр, бұршақ, екпінді жел соғады», - дейді маман.

Оның айтуына қарағанда, ауа райы қысқа мерзімге жылығанымен көп ұзамай қайта суытады.

Мысалы, еліміздің батысында түнде -2+5°С, күндіз +7+15°С; ал солтүстік-батыс жартысында түнде -5,+5°С, күндіз +15+20°С-тан +2+10°С дейін төмендейді; қалған аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бірақ жылы ауа райы +15+25°С сақталады.

Батыс облысында 1-мамыр мерекелерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, күндіз ауа температурасы +10+20°С дейін жылынады.

«Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінің тұрғындары үшін ауа райы қолайсыз. Жауын-шашын, әсіресе шығыста екпінді жел араласқан тоассыз жауын-шашын, түнгі және таңғы сағаттарда көктайғақ болып, тұман түседі. Түнде ауа температурасы -2-7°С, күндіз +3+11°С болады», - дейді ол.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +2+10°С шамасында, жер бетінде 3 градусқа дейін үсік болады, күндіз +12+20°С.

«2 мамырдан бастап еліміздің батыс жартысында жауын-шашынсыз болады. Шығыс өңірінің кей жерлерінде жауын-шашын, оңтүстікте найзағай және екпінді жел мен жаңбыр жауады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы күндіз +15+25°С, солтүстігінде, орталығы мен шығысында +5+15°С болады», - дейді Марина Шмидт.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы