Бүгiн 2026, 18:12
Фото: pixabay.com
Үш елдің сыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы жағдайды Пәкістанда талқылайды
Кездесу барысында тараптар кең ауқымды мәселелерді қарастыруды жоспарлап отыр.
Сауд Арабиясы, Түркия және Египеттің сыртқы істер министрлері: Фейсал ибн Фархан Әл Сауд, Хакан Фидан және Бадр Абдельати 29–30 наурыз күндері Исламабадқа барады, деп хабарлайды BAQ.KZ Пәкістан СІМ-іне сілтеме жасап.
Сыртқы саясат ведомствосының мәліметінше, бұл сапар Пәкістан премьер-министрінің орынбасары әрі сыртқы істер министрі Мұхаммад Исхак Дардың шақыруымен жүзеге асады.
Кездесу барысында тараптар Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдету жолдарын қоса алғанда, кең ауқымды мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ сыртқы істер министрлері Пәкістан премьер-министрімен келіссөз жүргізеді.
Пәкістан СІМ-інде бұл сапар елдер арасындағы ынтымақтастық пен өзара мүдделі бағыттар бойынша үйлестіруді нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.