Үш айда жынданып кете жаздадым. Аймағамбетов ауруханаға барып, ем іздеген азаматтың хатын оқып берді

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Үкімет сағатында ауырып ем іздеп, ауруханаға барған отандасымыздың оқиғасын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат сайлаушыларынан келген хатты оқып берді.

Биыл өз басымнан өткен оқиғаны қараңыз. Ауырып терапевтке жазылдым. Ол онкологқа жіберді. Онокологқа кезек күтіп бардым. Ол анализ тапсыру керек деді. Анализ тапсыруға рұқсат қағазды тек терапевт береді екен. Қайтадан терапевтке жазылдым. Одан жолдама алдым. Сөйтіп онкологқа қайтадан бардым. Ол облыстық ауруханаға жіберді. Ол жаққа тағы жазылдым. Қосымша анализ тапсыру керегін айтты. Оған да жолдаманы терапевт береді екен. Қайтадан жазылып, терапевтке бардым. Одан жолдама алып, облыстық ауруханаға бардым. Сөйтіп үш ай жүрдім. Сол үш айда жынданып кете жаздадым, - деп азаматтың хатын оқып берді.

Аймағамбетов бұл сайлаушылардың күнделікті көріп отырған қиындықтары екенін жеткізді.

Бұған дейін депутат Асхат Аймағамбетов «шектік» шкала салдарынан халық көп шағымданып жатқанын айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы