"Үш ай бойы ауыз сусыз отырмыз": ашынған Қырғауылды тұрғындары жолды жапты

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қырғауылды ауылының тұрғындары жиырма жылдан бері ауыз су тапшылығын көріп келеді. Әбден ашынған халық бүгін ауылдағы жолды жапты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, оларды сумен аймақты сумен қамтасыз ететін “BeyAzhTrans” ЖШС міндтеттерін дұрыс атқармай отыр. Қара халық су мекемесі ғимаратының алдында жиналып, басшылықтың алдына шығып, мәселе жайлы жауап беруін талап етті. Алайда “BeyAzhTrans” ЖШС өкілдерінің ешқайсысы не тұрғындар алдына келмеді, не телефон тұтқасын көтерген жоқ. Тек сондағы жалғыз техник маманы өзінің бұл жұмысқа жақында кіргенін айтып, басшыларына сілтеді. Ол ұңғымада су жиналу үшін 22:00 су беруді өшіріп, таңғы сағат 06:00 шамасында қайта қосатынын айтты. Айтуынша, расында жалғыз ұңғыма аймақты сумен қамтамасыз етуге жетпейді.

Жаз айында өңірде температура 30 градустан асқанда су тапшылығы орын алады. Қазір енді ауданның Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жаңа су желісін жүргізеді. Бұл су тапшылығын ішінара шешеді, – деді Амантай Терлікбаев.

Жергілікті биліктің уәделеріне әбден тойған ауыл тұрғындары бұл мәселенің толық шешілмейтінін айтып, аудан және облыс әкімдерін шақыруды талап етті. Олардың алдына өзге бөлімдерге жауапты аудан әкімдігінің өкілдері келгенмен, олар нақты осы суға жауапты маман мен жекеменшік компанияның заңды тұлғаларын шақыруды сұрады.

Жиналған тұрғындар шіліңгір ыстықта жолды жабуға дейін барды. Оларды алдымен бес полиция қызметкері көлік жолынын ысырып шықты. Тұрғындар сонда да қоймай, жолды жабуға ұмтыла берген соң, қосымша құзырлы орган қызметкерлі келіп халықты жолға өткізбей қойды.а жақында кіргенін айтып, басшыларына сілтеді.. Ол ұңғымада су жиналу үшін 22:00 су беруді өшіріп, таңғы сағат 06:00 шамасында қайта қосатынын айтты. Айтуынша, расында жалғыз ұңғыма аймақты сумен қамтамасыз етуге жетпейді.

Мен осы ауылда Рысқұлов көшесінде тұрамын. Біз үш ай бойы суыз отырмыз. Кейде ғана лай су жібереді. Ол судың төрт түлік малдың өзі үшпейді. Тек сатып алып, әрбір тамшы суды қадағалап отырмыз. Өткенде балаларым осы кір суды ішіп қатты ауырды. Қазір сол лас судың өзі де жоқ. Бізде өзге адамдар секілді таза су ішкіміз келеді. Әкімдік бізге көмектеспей отыр, – деді тұрғын Әйгерім Абылтаева.

Тұрғындар сөзінше, олар бұған дейін аталған мәселе жайлы аудан және облыс әкімдіктеріне, мәслихатқа жүгінген.

Оларға айтсақ бізді суға жауапты жекеменшік компанияға сілтеп, мәселеріңді өздерің шешіңдер дейді. Біз не үшін өзіміз шешуіміз керек? Оларға Қаскелеңге барып сөйлесек ешқандай нәтиже таппаймыз ғой, бәрібір, – дейді жергілікті тұрғын Фарид Тағабергенов.

Қазір Қырғауылды ауылы қарайтын Райымбек ауылдық округі әкімсіз отыр. Сайлау тек қыркүйекте болады. Бүгін алдымен халық алдына әкімнің міндетін атқарушы келді.

Жаз айында өңірде температура 30 градустан асқанда су тапшылығы орын алады. Қазір енді ауданның Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жаңа су желісін жүргізеді. Бұл су тапшылығын ішінара шешеді, – деді Амантай Терлікбаев.

Жергілікті биліктің уәделеріне әбден тойған ауыл тұрғындары бұл мәселенің толық шешілмейтінін айтып, аудан және облыс әкімдерін шақыруды талап етті. Олардың алдына өзге бөлімдерге жауапты аудан әкімдігінің өкілдері келгенмен, олар нақты осы суға жауапты маман мен жекеменшік компанияның заңды тұлғаларын шақыруды сұрады.

Жиналған тұрғындар шіліңгір ыстықта жолды жабуға дейін барды. Оларды алдымен бес полиция қызметкері көлік жолынын ысырып шықты. Тұрғындар сонда да қоймай, жолды жабуға ұмтыла берген соң, қосымша құзырлы орган қызметкерлі келіп халықты жолға өткізбей қойды.

Тек мәселе ушығып бара жатқан кезде ғана оқиға орнына аудан әкімінің орынбасары келіп, тұрғындарды тыңдап, су мәселесінің қалай шешілетінін айтты.

Қазіргі таңда “BeyAzhTrans” пен әкімдік арасындағы келісімшарт үзілді. Мемлекет жекеменшік мекемені сотқа берді. Қазір оны прокуратурамен бірлесе мемелкекет балансына қайтару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бірнеше сот өтті Қазір кассациялық шешімді күтіп отырмыз. Ары қарай “Таусамалы Кызмет” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынына тапсырылады, – деді Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Бексұлтан Ақылбек.

Аудан әкімінің орынбасарының сөзінше, бұл күрделі мәселе себебі кейбір көшелерде су бар, кейбірінде жоқ, ал өзгелерінде су жай ағады. Ол тұрғындар алдында аймақта су тапшылығын шешу жайлы өзге де анықтау жұмыстарын жүргізуге уәде берді.

Мәселе BAQ.KZ редакциясының назарында болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы