Үш адам қаза тапты: Қарағанды маңында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты

Ақадыр – Қарағанды учаскесіндегі Жарық – Дария аралығында орналасқан күзетілмейтін, реттелетін теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы орын алып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

92 км/сағ жылдамдықпен қозғалған жолаушылар пойызының машинисі жолға шыққан Mazda маркалы жеңіл автокөлікті байқап, шұғыл тежеу қолданды. Дегенмен соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, - делінген хабарламада.

ҚТЖ мәліметінше, апат салдарынан автокөлік жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты. Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және жол қозғалысының барлық қатысушыларын теміржол өткелдерінен өту ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе түнгі уақытта апат қаупі жоғары болатынын ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы