10 Қыркүйек 2026, 16:44 Фото: видеодан алынған кадр

Үш адам қаза тапқан Алматы-Қорғас тасжолындағы жантүршігерлік апат: Күдікті сотталды

Алматы – Қорғас тасжолында болған жантүршігерлік жол апатына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Биыл 24 маусымда Алматы – Қорғас тасжолында жантүршігерлік жол апаты болып, бір үйдің үш адамы – әкесі, анасы мен қызы қаза тапқан еді. Марқұмдардың туыстары күдікті әрі көлікті басқарған адам погон таққан адам болуы мүмкін екенін айтқан. 

Сот үкімімен күдікті Абылай Жарылқасынұлы Қылмыстық кодексінің 345-1-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша көлік құралын басқару құқығынан өмір бойыға айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза тағайындалсын.

Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде өтейді.

Бұған дейін апаттан қаза тапқан үш адамның туысы Гүлзана Тұрдиева тергеу барысы туралы мәліметтерді бөліскен еді. Оның айтуынша, сот-химиялық сараптаманың қорытындысы дайын болған. Сараптама нәтижесінде күдіктінің қанынан 3,3 промилле алкоголь анықталған.