USAID Қазақстандағы "жалған ақпаратқа қарсы күреске" 4,5 млн доллар бөлген - Ақ үй

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт Джо Байден әкімшілігінің тиімсіз шығындарын жариялап, Қазақстанды да атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Каролин Левитт АҚШ-тың бұған дейінгі әкімшілігін айыптап, Ақ үйдің кейбір ессіз шығындары туралы айтты. 

Мысалы Гватемаладағы "жыныс ауыстыру" бағдарламасына 2 миллион доллар жұмсалған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов та сөз қозғап, қоғамға жат әсері бар бағдарламаларды тексеруге шақырды. Себебі оның айтуынша, 2022-2025 жылдары USAID Орталық Азияда адам құқықтары мен теңдікті нығайтуға $2 млн бөлген. Ол бұл бағдарламаның атқарушысы Еуропалық халықаралық лесби, гей, бисексуал, трансгендер және интерсекс қауымдастығы екенін мәлімдеді.

Ал Қазақстандағы "жалған ақпаратқа қарсы күреске" 4,5 миллион доллар бөлінді, - деді Левитт.  

Айта кетейік, 5 ақпанда USAID бүкіл әлем бойынша қызметкерлерін әкімшілік демалысқа жіберетінін хабарлады. Ал бұған дейін Дональд Трамп АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) басшылығында алдағы отставкалар болатынын мәлімдеген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы