US Open: Елена Рыбакина жарысты аяқтады

Қазақстандық теннисші, әлемдік WTA рейтингінде 10-орында тұрған Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының 1/8 финалында чехиялық спортшы Маркета Вондроушовадан (әлемдік рейтингте 60-орын) күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл кездесуде айқын фаворит саналған Елена Рыбакина ақыры үш сет нәтижесінде жеңіліп қалды — 4:6, 7:5, 2:6.

Осылайша, ол US Open турнирінің ширек финалына өте алмады. Дегенмен айта кетерлігі, бұған дейін Рыбакинаның бұл турнирдегі ең үздік нәтижесі үшінші айналыммен шектелген еді.

US Open-2025 турнирінде Елена Рыбакина бұған дейін америкалық Джульетта Пареханы (әлемдік рейтингте 335-орын) — 6:3, 6:0 есебімен, чехиялық Тереза Валентову (96-орын) — 6:3, 7:6 есебімен және британдық теннисші Эмма Радукануды (36-орын) — 6:1, 6:2 есебімен ұтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Өзгелердің жаңалығы