US Open: Александр Бублик алғаш рет жарыстың төртінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, америкалық Томми Полға қарсы келді.

Бірінші партияда тай-брейкте Бублик шеберлік танытты. Екіншісінде Пол есе қайырды — 7:6 (7:4). Үшінші сетте қазақстандық теннисші брейк жасап, сол басымдылықты сақтап қалды — 6:3. Төртінші сетте тай-брейкте Т.Пол табандылық көрсетті — 7:6 (7:5). Бесінші, шешуші партияда Бублик бет қаратпады — 6:1.

Үш сағат 37 минутқа созылған тартысты бәсекеде Бублик 22 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін құр жібермеді.

Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен шеберлік байқастырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Өзгелердің жаңалығы