US OPEN-2020. Қазақстандық спортшы жеңісті жолын жалғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ ашық біріншілігінде кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарланды Olympic.kz сайтында. 

Қазақстан құрамасының өкілі үшінші айналымда белорустық Александра Сосновичті ұтты. Екеуара кездесу 2 сағат 1 минутқа созылып, 3:6, 6:2, 6:1 есебімен аяқталды.  

US OPEN-2020 додасының төртінші кезеңінде Путинцеваның қарсыласы Хорватия өкілі Петра Мратич болады. Төртінші айналым 6 қыркүйек күні өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы