Үржардағы жол апаты: Берік Уәли оқиға қатысты пікір білдірді

Абай облысының әкімі Берік Уәли Үржарда болған қайғылы оқиғаға қатысты істің қазіргі жай-күйі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске саал кетсек, Үржар ауданының Бестерек ауылында үйдің жанында ойнап жүрген балаларды көлік қағып кеткен болатын. Салдарынан үш бала оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдай 19 тамызда сағат 16:00 шамасында болған. 

Бұл өте ауыр жағдай. Аулада ойнап жүрген 5 бірдей баланы көлік қағып кетті. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, сондықтан тергеу ісіне қатысты түсініктеме бере алмаймын, - деді Берік Уәли.

Оның сөзінше, оқиға болған сәтте санавиация дер кезінде жетіп, ауыр жарақат алған екі бала Астанаға жеткізілген.

Бір баланың аяғы сынған, ол онлайн сабақ оқып жатыр. Екіншісі баланың да жағдайы тұрақты, - деп нақтылады облыс әкімі.

Берік Уәлидің айтуынша, облыс әкімдігі мен аудан басшылығы қаза тапқан балалардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсеткен.

Оқиға орнында менің орынбасарым болды. Қайтыс болған баланың жерлеу рәсімін ұйымдастыруға, отбасы мен ауылға көмек көрсетілді. Біз бұл мәселені үнемі назарда ұстап отырмыз, - деді өңір басшысы брифингте.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиғаның нақты мән-жайын сот пен тергеу органдары анықтайды.

Еске салсақ,  19 тамызда Абай облысы, Үржар ауданының Бестерек ауылында кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмды. Тағы үшеуі түрлі жарақатпен дәрігерлердің бақылауында.

Президент тапсырмасымен Астанадан Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлері Қорғаныс министрлігінің әскери-көлік авиациясымен жеткізілді.

Сондай-ақ, облыс әкімдігі қайтыс болған балалардың отбасына көмек көрсететінін хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балаларға ота жасалып жатқанын, оларға медициналық көмек көрсетуге үздік мамандар тартылғанын хабарлады.

Белгілі болғандай, қайтыс болған балалар әжесіне қонаққа барған

Апаттан кейін жүргізуші қамауға алынды. Үржарда үш баланың қазасына себеп болған жол апаты тергеліп жатыр.

Дәрігерлер балалардың өмірі үшін күресуде. Екі бала Астанаға жеткізіледі

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы