Үржарда туристік маусымға қарай әуе қатынасы іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл маусым айында Үржар әуежайын қайта құру жұмыстары аяқталады. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аймақ басшысының айтуынша, туристік маусымға қарай әуе қатынасы қайта іске қосылып қояды. Бұл ауданның туристік әлеуетін арттыра түсетіні анық.

Сонымен қатар, аудандағы елді мекендерді, шекара маңындағы округтерді интернетпен қамтамасыз ету мәселесі алдағы уақытта шешіледі. Осы ретте маңызды облыстық бағдарлама әзірленбек екен.

- Біз қосымша мұнаралар мен антенналар орнатуды қарастыратын өзіміздің облыстық бағдарламамызды іске қосамыз. Қазір комиссия бұл мәселені толықтай зерттеп, жоба дайындауда. Бұл мәселе жақын арада шешілетін болады, - деді Даниал Ахметов.

Бұдан басқа, ауданда "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасын іске асыру жалғасады, биыл ауылдық өңірлерге баса назар аударылады.

- Бос жатқан жерлерді жайылымға қайтару мәселесі менің тұрақты бақылауымда, "Жайылымдар туралы" Заңның "жайылымдарды беру және пайдалану тәртібі" бабына сәйкес, жергілікті билік халықтың мұқтажы үшін жерді мемлекет меншігіне алуы мүмкін, - дейді әкім.

Сондай-ақ, көпбалалы отбасыларға арналған аудандық орталыққа қолдау көрсету мен балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жеке корпусын салу мәселелері қарастырылмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы