Қасиетті Самұрық құсы бейнеленген жер, Үржар ханшайымы, тылсым Алакөл – Шығыстың біз білмейтін тұстары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Табиғатқа деген махаббат, саяхатқа деген құштарлық және жаңа дүниені тануға деген ниет эко-туристер тобын Қазақстанның оңтүстік-шығысына саяхаттауға жетеледі.
"Тұрақты даму" Жер Қоры Шығыс Қазақстан өлкесіне бір апталық саяхат ұйымдастырды. Экспедицияға қор басшысы Алан Бесен де қатысты.
Қазіргі қарбалас тіршілікте көптеген адам елді мекендерден алыс орналасқан табиғи объектілермен, ормандардың, таудың, даланың түзімен, таза су қоймаларымен, жабайы өсімдіктермен өзара қарым-қатынас жасау қажеттілігін іштей сезінеді.
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Эко-туристердің экспедициясы Үржар ауданының орталығынан зерттеу, сақтау және туризмді дамыту мақсатында 2018 жылы құрылған «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мекемесінен басталды.
Экспедицияның негізгі мақсаты – агротуризм (ауыл туризмі) тақырыбымен аймақтың ресурстарын зерттеуге, сондай-ақ алма ағаштарының арғы атасын зерттеуге, тылсым Алакөл көлінде шомылуға, жол салу кезінде, алтын бас киімінде қасиетті құс Самұрық бейнеленген Үржар ханшайымы табылған жерлерді аралауға, ең керемет тау балынан дәм татып, қасиетті таза суын ішу болды.
Ұлттық табиғи парк ерекше қорғалатын табиғи аумақты аралап көрсету мақсатында өз қызметкерін ертіп жіберді. Көп ұзамай бірден, тауларға, өзен шатқалдарына, ормандарға, жайқалған дала шөптерін, түрлі-түсті гүлге оралған аумақтарды аралауға жолға шықтық.
Туристердің сапары қыркүйек айының алғашқы аптасында, яғни алма ағаштарының жаппай пісу маусымы кезеңіне сәйкес келді. Дегенмен, бұл жыл алма ағаштарының жеміссіз болатыны сирек кездесетін ерекше жыл болған екен. Табиғат сынақтарына өте төзімді жабайы алма ағаштары, бірен-саран ғана жеміс берген екен. Бұл жерде барлық жағдайға ең төзімді жабайы жемісті ағаштар табылды. Бұл алмалар тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем қауымдастығы үшін үлкен құндылық болып табылады, өйткені олар планетаның генофондын білдіреді. Яғни, нағыз эко өнім осы жерде. Сондықтан олар жақсы қорғауға алынып, тұқымдары мен көшеттері таратылмайды, сіз оларды тек таңдана қарап, дәмін татуға мүмкіндік ала аласыз.
Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында Тарбағатай жотасының баурайларында жабайы алма ағашы, тіпті алғашқы генді жеміс беретін біртұтас алма ағаштары да өседі. Ғылыми тұрғыда бұл алмалар Сиверс алмалары және Недзвец алмалары деп аталады. Оларға ғылым әлемінде жаңалық ашқан тұлғалардың аты берілген.
Жабайы алма ормандары, керемет өсімдіктермен, емдік және хош иісті шөптермен, тау өзендерінің гүрілдеген сарқырамалары бар Тарбағатай жотасының оңтүстік баурайында өседі.
Ұлттық табиғи паркте өткен екі күн ішінде экспедиция тобы дайындалған төрт туристік маршруттың екі бағыты бойынша жүріп өтті. Осы уақыт ішінде көптеген сұлулықты көріп, Үржар тау өзенінде шомылып, үш түрлі сорты бар долана, таңқурай, сиыр бүлдіргеннің дәмін татып, киікотынан демделген шай ішіп, тау жалбызы, сәлбен, күреңот және қара, қызыл итмұрындарды кездестірді. Жол-жөнекей тауда орналасқан омарташыға және жергілікті тұрғындардың үйіне барды. Тұрғындар туристерді қонақжайлылықпен қарсы алды, тіпті құрт, қолдан жасалған сүзбе және бақ алмаларынан ауыз тиді. Ал Үржардың қарбыздарын балмұздаққа теңеп, еш жерден бұндай тәтті қарбызды жеп көрмегенін айтты.
Түрлі-түсті Алакөл
Үржар ауданының ерекше қорғалатын аумағына Алакөл көлі де кіреді.
Көл жағалауы Алматы және Шығыс Қазақстан болып екіге бөлінген. Экспедиция көлге Шығыс Қазақстандағы көл жағалауына, Қабанбай ауылы арқылы жетті.
Көлдің кішкентай таулармен қоршалған және аралмен безендірілген, ландшафты көз куантарлық. Су жылы, тұзды және таза болып шықты, ал көлдің түбі мен жағасы жанартау жыныстарының кішкентай дөңгелек қиыршық тастарымен көмкерілген.
Кешке, аспанға бұлт үйірілгенде, көл түсі өзгере бастады, ал келесі күні желді жауын тұрған кезінде ол түсін басқаша өзгертті. Көл өз атауынның мағынасын дәлелдеді. «Алакөл» аударған кезде түрлі-түсті көл дегенді білдіретіні осыдан болар.
Теңіз шомылушы әуесқойларына алысқа барудың қажеті жоқ, өйткені бұл жерде қайта оралғың келетін Алакөл бар. Көлдегі жағажай маусымы жаз бойы созылып, қыркүйектің басында аяқталады екен.
Тарбағатай ұлттық табиғи паркінің Алакөлде ақпараттық орталығын ашуы жоспары да бар екен, келешекте демалушылар жағажай демалысын кейін, тауларға бағыт алып баруды әртараптандыруға мүмкіндік болары нақ.
Итальяндық дәм татқан қазақ бауырсақтары
Туристер сапарының келесі бағыты Ақшоқы ауылы болды.
Мыңнан астам халқы бар шағын ауыл экспедиция мүшелеріне жағымды әсер қалдырды. Бұрынғы әкім мен қазіргі әкім бастаған жергілікті тұрғындар өздерінің дамуы және шығармашылығы үшін ауылдан жайлы орын жасаған. Ауылдағы барлық үйлер сумен қамтамасыз етілген, көшелері таза. Ауылдың орталығында Интернетке қосылған тамаша интернет-кафе бар. Мектепке қарама-қарсы жерде балалар мен жасөспірімдерге арналған үлкен спорт алаңы бар.
Мектеп туралы бөлек айту керек. Мектеп ауласын көргеннен бастап туристер таңдана бастады. Мұндай әдемі алдыңғы қатардағы бақтарды тіпті, үлкен мегаполистерден де кездестіре алмайсыз. Оқушылар мен мұғалімдер тобы туған жері, табиғаты, халқы, батырлары туралы барлық ақпаратты мұқият жинайды екен.
Қымбатты қонақтар ретінде туристертерді жергілікті кәсіпкер Мәулен үйінде қарсы алды. Қожайындар үйіне алыстан келген қонақтарды бірінші рет қабылдап тұрмағандығы көрініп ақ тұр. Үй иесінің айтуынша, бірде итальяндық қонаққа келіп, қазақтың бауырсағынан дәм татыпты, ол таудың таза балын бауырсақ ішіне құйып, шаймен рахаттана жепті.
Тарбағатай атауының шығу тарихы
Таңертең экспедиция жол талғамайтын көліктермен тауға шықты. Тағы бір жағымды жаңалық, тауда масаға қарсы қорғанудың қажеті болмады, себебі, бұл жерде олар мүлдем жоқ.
Жолымыз Тарбағатай жотасының етегіне қарай бет алды. Тарбағатай атауы суырдың бір түрі - Тарбағаннан шыққан екен. Шынында да, таулы алқапта суыр індері өте жиі кездеседі екен, сондықтан әсіресе атқа мінгенде, қозғалыс кезінде жолды мұқият қарау керек.
Сапар барысында эко-туристер қыстауға жетті. Қыстаудағы үй – жабық, жылы бөлмелерден тұрады екен. Мұнда жануарлар жазғы салқын мезгілде еркін жайылады, ал қыста бұл жерлерде қар жамылғысы үш метрге дейін жетеді екен. Мұндай жердегі жануарларды үй жануары деп атауға қиын, олардың ерік-жігері көп, шөптері мол, ауасы кең, үнемі қозғалыста, сондықтан олардан жасалған өнімдер мүлдем басқа дәмге ие болары анық.
Әрі қарайғы жол сарқырамаға апарды. Жалпы бұл жердің өзенінде бірнеше сарқырама бар екен, біз ең жақын жердегісіне жеттік, ағынның күші мен сұлулығына тамсану, сарқырама биігіне шығу қажет болмады. Сарқырамада жергілікті тұрғындар, кішкентай балықтар - алабалықтарды оңай аулайды екен. Балық аулау процесі үшін тыныштық болу керек, осы қызықты процесс су шуымен үйлесімін тауып, келушілерді таң қалдырды.
Шырайлы шығыстың арғы жағында не қалды?
Экспедиция барысында жергілікті тұрғындар Үржар аймағында көркем жерлер туралы ақпараттармен бөлісті.
Бірнеше адам Шығыс Қазақстан жағында орналасқан Алакөл көлінің бұлағы мен балшығының емдік қасиеті бар жерлер кездесетіндігін айтты.
Ақшоқы ауылының маңында Қарабас тауынан петроглифтері табылған екен. Археологтар оларға әлі жете қойған жоқ, бірақ оны Үржар ауданындағы ұлттық парк зерттеу жүргізуге экскурсия жасауды жоспарлап отыр екен.
Тарбағатай жотасының баурайында да әдемі жерлер көп. Бұл – Жасылкөл мұзды көлі, оған экспедиция кездестірген адамдардың тек үшеуі ғана жетіп, оған біреуінің ғана жүзуге батылы барған. Бұл жерде тек сұлулық қана емес, сонымен қатар өсімдіктердің сан алуан түрі сақталған шатқал. Онда өзінің «қасиетті орны» бар алтын тамыр өседі.
Ал әлемге әйгілі дәрілік кәдімгі таушымылдық өсімдігі, жаздың басында жол жиектерінде гүлдейтін шоқтарға айналып, сол бөліктерде көркейте өседі.
Экспедиция мүшесі Виктория Геленджикскаяның айтуынша,табиғаттың тазалығымен байланысуды армандайтын адамдарға Үржар аумағында "жұмақ бағына" баруға кеңес берді.
«Сапар барысында біздің топ «Тұрақты даму» Жер Қорының жобалары іс жүзінде табиғатты қорғауға және оған деген адамның көзқарасын жақсартуға ықпал ететініне сенімді болды. Әзірге Қор Қазақстанның аймақтарында жобаларды жүзеге асыруда. Біз оған бүкіл жер бетін "жұмақтың бағына" айналдыруы үшін даму жолында жұмыс істеуіне сәттілік тілейміз», - деді экспедиция мүшесі.