Үржар ауданында миллиондаған теңгенің жалған тауары анықталды
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп Үржар ауданыны Үржар ауылында акцизделетін өнімді сатумен айналысатын сауда объектілеріне табысты салықтық тексерулер жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тексеру нәтижелері бойынша екі объектіде (дүкендер мен қойма үй – жайларында) контрафактілік (сәйкестендіру құралдары жоқ) темекі өнімі-"ORIS" және "ХАА" темекілері, сондай-ақ белгілі "Jameson", "Jack Daniel 's", "Абсолют" маркаларының белгіленбеген үлгісіндегі күмәнді есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өнімі анықталды, "Орыс стандарты", "Хортица", "Булбаш", "Мороша" және басқалар.
Тексеру қорытындысы бойынша жалпы құны 29 млн теңгеге жуық 35 507 қорап темекі тәркіленді. Мемлекеттік бюджетке төленбеген акциздер түріндегі залал 11,3 миллион теңгені құрайды.
Сонымен қатар, 11 млн теңгеден астам сомаға 10 297 бөтелке алкоголь өнімі тәркіленді.
Тексеру материалдары одан әрі талқылау және процестік шешім қабылдау үшін Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді.