Ұрып-соғып, қыста сырт киімсіз аулада ұстаған – Павлодарда қарттарды азаптаған

Ақсу қаласының прокуратурасы қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде қарттарға қатыгездік көрсету фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында қорқынышты фактілер ашылды: пансионат қызметкерлері екі дәрменсізді ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен. Жәбірленушілердің бірінің жасы - 84-те. Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған, - деп жазды Павлодар облысының прокуратурасы.

Осы факті бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазіргі уақытта барлық кінәлі адамдар анықталды. Тергеу барысы прокуратураның ерекше бақылауына алынды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы