Ұрылар үй иесіне бұрыш спрейін шашып, қашып кеткен

Алматы облысының үш тұрғыны қаладағы пәтерлерге ұрлыққа түскен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Күдіктілердің соңғы қылмысы сәтсіз аяқталған. Олар қаладағы пәтерлердің біріне ұрлыққа түскен кезде үй иесі кенеттен қайтып келген. Қылмыскерлер оны тоқтату үшін бұрыш спрейін шашып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаевтың айтуынша, ұсталғандар қаладағы басқа да пәтер ұрлықтарына қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Күдіктілердің екеуі бұрын да бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, жедел іс-шаралар жалғасады,– деді Талант Исаев.

Полиция тұрғындарға қауіпсіздік шараларын күшейтіп, үйлеріне бейнебақылау орнатуды, есік құлыптарын нығайтуды және бөтен адамдарға есік ашпауға кеңес береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласы ПД
Өзгелердің жаңалығы