ШҚО-да былтыр ұрланған қайық табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция басқармасының Үлбі аудандық бөлімінің қызметкерлері былтырғы ұрлықтың бетін ашты, деп хабарлайды Алтайньюс.

Өскеменнің полицейлері жедел іздестіру іс-шарасы барысында былтыр жоғалып кеткен қайықты биыл тапты.

Былтыр тап осы уақытта, нақтырақ айтсақ, тамыз айының бірінші жұлдызында 47 жастағы қала тұрғыны гаражынан моторлы қайығы жоғалғанын айтып, полицейлерге шағым түсірген. Шығын мөлшері 1 миллион теңге деп көрсеткен.

Қазіргі уақытта аталған іске байланысты 25 жастағы күдікті ұсталды. Тәртіп сақшылары айғақ деректер де алынғанын айтты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы