Ұрланған көлік үшін салық төлеу қажет пе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Мемлекеттік кірістер комитетінің өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды әкімшілендіру және арнайы салық режимі департаментінің директоры Азамат Садықов жауап берді. 

Оның айтуынша, көлік құралынан салықтан босату үшін Ішкі істер органынан көлікке іздеу жарияланғанын дәлелдейтін құжаттар қажет. 

Егер көліктің ұрланғаны туралы фактті дәлделдейтін құжаттар болса, көлік иесі көлік табылған мерзімге дейін салықтан босатылады, - деді Азмат Садықов.

Сонымен қатар жарамсыз болып қалған жағдайда көлік мемлекеттік тіркеуден шығарылмаса, салық есептелетін болады.

Біздің кейбір азаматтар осыны түсінбейді. Көлігім неше жылдан бері жүруге жарамсыз деп шағым айтып келетіндер болады. Сондықтан көлігі пайдалануға жарамсыз көлік иелеріне оны мемлекеттік тіркеуден шығару керек екенін ескертеміз, - деді ол. 

Бұған дейін 1 сәуірде көлік құралдарына салық төлеу мерзімі аяқталатыны туралы жазған болатынбыз. Ол үшін «Е-Salyq – Azamat» электрондық салық әмиянын пайдалануға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы