Алматы полицейлері автобазардан ұрланған көлік бөлшектерін тапты

Алматы, BAQ.KZ. Алматы полицейлері рейд кезінде жүзден астам күмәнді автобөлшектерді тапты. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлер автобөлшектер сатылатын сауда орындары мен базарларға мақсатты түрде рейд өткізген.

«Бұл рейдке біздің бөлімшенің өкілдері, аймақтық басқарма полициясы және Жедел әрекет ету арнайы жасақ өкілдері қатысты. "Кар сити" сауда үйі мен «Жібек Жолы» базарында жүргізілген тексеріс кезінде бұған дейін ұсталған әрі ұрланды деп сипатталған заттар табылды. "Кар сити" сауда үйінде 164 бутик тексеріліп, 34 көлік айнасы мен 5 аккумулятор алынды. Бұл заттың барлығы ұсталған және түрлі маркалы көліктікі. Ал «Жібек Жолы» базарында 98 контейнер тексерілді, нәтижесінде 7 көлік айнасы мен 122 аккумулятор алынды», - деді Қылмыстық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Жалпы рейд кезінде 41 көлік айнасы мен 127 аккумулятор алынған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы