«Үркер» сыйлығы. Өтінімдерді қабылдау 2 қарашада аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Үркер» сыйлығына өтінімдер қабылдау 2 қарашада аяқталады.
Бүгінгі күнге дейін арнайы құрылған коммиссия 200-ден астам өтінім қабылдады. Биыл статистика көрсетіп отырғандай, ең көп өтінімдер «Жыл танымдық материалы», «Жыл сұхбаты», «Жыл репортажы», «Жыл аналитикалық материалы» номинациялары бойынша келіп түсті.
Конкурстық жұмыстарды саралап, әділ бағасын беретін тәуелсіз қазылар алқасының құрамына еліміздің беделді журналистері, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері және биыл алғаш рет халықаралық медиа – сарапшылар енді.
Қазылар алқасының бірі, халықаралық медиа-менеджер, «Detaly.co.i» израильдік сайтының бас редакторы Эмиль Шлеймович конкурс туралы пікірімен бөлісті.
Жеке өз басым «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры шақырғанға дейін журналистік байқаулардың қазылар алқасы құрамында болып көрмедім. Бұл тәжірибе мен үшін қызықты әрі құнды тәжірибе болмақ. Журналистер қауымы үшін арналған аталмыш бәйге маңызды деп білемін, өйткені тәуелсіз мемлекеттерде БАҚ-та жұмыс істейтін журналистердің еңбегін объективті бағалау қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Жалпы, өз басым өзге елдердегі барлық журналистерге құрметпен қараймын, себебі - біз әріптестерміз. Қазақстан жас мемлекет. Соған қарамастан сіздің медиа сала бәсекеге қабілетті және елдің Орта Азиядағы мемлекеттердің арасында жетекші роль алатынын да мойындаймын, - дейді ол.
Сонымен қатар, Эмиль Шлеймович барлық әріптесіне және байқауға қатысушыларға кәсіби шыңдарды, техникалық және қаржылық дамуды, өз қызметтерін орындау барысында барынша қауіпсіздікті тіледі.
Айта кетейік, қазылар алқасы баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы ең мықты мамандарды анықтап, 13 қарашада марапаттау рәсімінде жеңімпаздар есімдерін жариялайды.