ҰҚШҰ елдерінің әскерлері Қазақстанда оқу-жаттығу өткізеді
Қазақстан аумағында ҰҚШҰ жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің оқу-жаттығулары өтеді, деп хабарлады BAQ.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
2022 жылдың 26 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында Жамбыл және Алматы облыстарында ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен «Өзара іс-қимыл-2022», «Поиск-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығулары өтеді. Осыған орай, 22-30 қыркүйек аралығында елімізге ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келуде. Олардың қозғалысы әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады: теміржол, әуе көлігі және доңғалақты әскери техникамен, – деп атап өтті ведомство.
Әскери контингенттердің қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жәнібектің келесі қарсыласы белгілі болды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы