ҰҚШҰ аясында Қазақстан Ресейге әскер жіберуі мүмкін бе?
Бүгін Мәжіліс Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысты 3 заң қабылдады. Енді осы «заң аясында Қазақстан Ресейге әскер жіберуі мүмкін бе?» деген сұраққа Қорғаныс министрлігі жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжілістің кулуарында Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов журналистердің сұрағына жауап берді.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысты заң аясында Қазақстан Ресейге әскер жіберуі мүмкін бе? – деп сұрады журналистер. Қорғаныс министрлігінің өкілі мұндай сұрақ көтерілмегенін айтты.
Ресей әскер сұраса, оны (әскер жіберуді) тек қана Парламент мақұлдауы керек. Парламент мақұлдаса, жібереміз. Біз мұндай сұрақтарға жауап бермейміз, тек Қорғаныс министрлігі құзыретті сұрақтарға жауап береміз. Парламент пен Мемлекет басшысына қатысты сұрақтарға жауап бермейміз, - деп қысқа жауап берді ол Мәжілісте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы