ҰҚШҰ аясында Қазақстан Беларуське 11 сарбаз жіберді

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының оқу-жаттығуына қатысу үшін Қарулы күштердің 11 сарбазы Беларуське кеткенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр БАҚ өкілінің “Беларуське техникалар жіберілген” деген ақпаратын жоққа шығарды.

Интернет кеңістігінде тараған Қазақстан броньды техникаларды жіберді деген ақпарат жалған. Бүгінгі таңда барлық техника тұрақты орналастыру пункттерінде орналасқан. Нақты 11 адамнан тұратын топ жіберілді. Әрине, бұл органның жұмысы, – деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, бұл шара алдын ала жоспарланған.

Бұл жерде Украинаның локациясының қатысы қанша? Беларусь бейбіт мемлекет әрі ҰҚШҰ мүшесі. Тиісінше, оқу-жаттығудың өтетіні жайлы шешім алдын ала хабарланады. Қандай да бір қауіп жоқ, - дейді Жақсылықов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы