ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Ерғожин қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожинді қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді, деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстан» ҰҚК-ге сілтеме жасап. 

К.Мәсімов, А.Садықұлов және Д.Ерғожинге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.  Қылмыстық іске «өте құпия» белгісі берілді, – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жариялауға жатпайды.

Бұған дейін ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісі қалай тергелетіні туралы хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы