ҰҚК тағы бір есірткі зертханасын жойды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Психотроптық заттарды дайындау барысында Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тінту барысында 15 килограммнан аса "альфа-PVP" есірткі құралы мен кристалдану сатысындағы осы заттың 70 литрі, сондай-ақ 200 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген, - делінген ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Еске салсақ, бұған дейін ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері бір тәулік ішінде Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында үш есірткі зертханасын жойғаны туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Азаматтық авиацияны дамытудың бас жоспары әзірленеді
Өзгелердің жаңалығы